30.12.2022 _ 11:30

КҚК қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді

Мемлекет басшысы Сайлауалды бағдарламасында қойған көмірсутек шикізатын экспорттауға арналған дәліздерді әртараптандыру міндетін шешу үшін мүдделі тараптармен бірлесіп Жол картасы әзірленді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифингте хабарлады.

«Жол картасы мыналарды көздейді: Новороссийск, Усть-Луга порттарына одан әрі тасымалдаумен Атырау-Самара бағдарының қуатын қосымша жүктеу; Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, оның шеңберінде теміржол жолдарын жаңғыртуды жүзеге асыру және теміржол вагон-цистерналарының тауар паркін кеңейту, сондай-ақ Ақтау теңіз сауда портындағы мұнай құю айлақтарын реконструкциялау және жаңғырту жоспарланып отыр; Қазақстан-Қытай мұнай құбырының кейбір учаскелерін кеңейту мәселелерін қоса алғанда, Қытай Халық Республикасына мұнай экспортын ұлғайту жоспарлануда. Бұдан басқа, алдағы жылы Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталады, бұл өткізу қабілетін жылына 53,7 млн-нан 72,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы