30.12.2022 _ 11:50

2023 жылы 28,2 млрд текше метр тауарлық газ өндіру жоспарланған

2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 51,7 млрд текше метр немесе 2021 жылға қарағанда 96,1% деңгейінде күтілуде. Газ өндірісінің төмендеуі мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты, өйткені елдегі газ мұнаймен ілеспе болып табылады. 2023 жылға арналған газ өндіру жоспары 53,5 млрд текше метрді құрайды. Жыл қорытындысы бойынша тауарлық газ өндірісі 27,6 млрд текше метр немесе өткен жылға қарағанда 93,9%-ды құрайды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифингте осындай көрсеткіштерді атап өтті.
2023 жылы 28,2 млрд текше метр тауарлық газ өндіру жоспарланған

Оның айтуынша, 2023 жылға арналған тауарлық газ өндіру жоспары – 28,2 млрд текше метр.  


«2022 жылдың қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру 2,82 млн тонна деңгейінде күтілуде, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 89,2%-ды құрайды. Өндірістің төмендеуінің себебі Каспий Құбыр Консорциумы терминалында жөндеу жұмыстарына байланысты Теңізшевройлдың көмірсутектерді өндіру жоспарын орындамауы болып табылады. Бұдан басқа, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемін төмендетудің негізгі факторы – өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға байланысты инвестициялық тартымдылықтың болмауы. 2022 жылға арналған жоспар – 2,86 млн тонна. Мұнай-газ-химия бөлігінде бүгінде майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндірудің күтілетін көлемі 256 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 34,7%-ға артық. 2023 жылы 515 мың тонна мұнай-газ-химия өнімін өндіру жоспарлануда», - деді спикер.