30.12.2022 _ 12:11

Қазақстанда көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін онлайн-дауыс беру құралдары пайда болады

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс беруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

ТКШ саласы көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысанына көшіру реформасын іске асыруды қажет етеді. Ол үшін көппәтерлі үйлердің тұрғындары жалпы жиналыс өткізіп, меншік нысанын – мүлік иелерінің бірлестігін немесе серіктестікті анықтауы қажет.

Алайда, бұл процесс қиын, өйткені дауыс беру кезінде көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері/үй-жайлары иелерінің жалпы санынан 50% - дан астамының дауысы тіркелуі керек, ал мұндай дауыстарды қысқа мерзімде жинау мүмкін емес.

Процедураларды жеңілдету үшін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып онлайн дауыс беру құралдарын шығаруға жұмыс жүргізуде.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс беруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Aula», «e-Knot», «Басқарма» сияқты Ақпараттық жүйелер іске асырылды. Олар онлайн жиналыстар өткізуге және дауыс жинауға мүмкіндік береді.