30.12.2022 _ 12:40

Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасау бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарлануда

2009 жылдан бастап Қазақстан өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. 2022 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 21,6 мың тонна деңгейінде күтілуде. Осы жылдың желтоқсан айында Қытайға жылу бөлетін жинақтарды жеткізудің бірінші партиясы жеткізілді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ алаңында өткен брифингте осындай мәліметтер келтірді.
Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасау бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарлануда

Сондай-ақ ол отандық АЭС бойынша жоспарға тоқталды.  

«Атом электр станциясын салудың оңтайлы ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. Қытай, Ресей, Корея, Франция жеткізушілерінің дәлелденген реакторлық технологияларының «қысқа тізімі» жасалды. Алдағы жылы уран өнімдерін жеткізудің көлік бағыттарын әртараптандыру мәселесі пысықталатын болады. Сондай-ақ Атом электр станциясының реакторлық технологияларын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұдан басқа, Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасау бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.