30.12.2022 _ 14:20

2029 жылға дейін 100 заманауи оқушылар сарайы салынады

Балалар инфрақұрылымын жақсарту, аула алаңдарын дамыту және жаңа заманауи нысандар салу, олардың әл-ауқатын арттыру бағытында елімізде 1 691 нысан ашылды. Оның ішінде 38,9 мың орынға 458 мектепке дейінгі ұйым ашылса, жыл басынан бері 153 мың оқушы орнына арналған 254 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев осындай мәліметтерді келтірді.
иллюстративное фото

 «Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-2025 жылдары мектепке дейінгі ұйымдарда 222 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарланса, 2023 жылы  81 мың орын ашу белгіленген. 2026 жылға дейін  «Жайлы мектеп» ұлттық  жобасы шеңберінде 842 000  оқушы орнына арналған 401 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Келесі жылдың өзінде ұлттық жоба аясында 221 мектептің құрылысы басталып, 121 оқушыға арналған 130 мектеп ашылады. Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап 2029 жылға дейін 100 заманауи оқушылар сарайы, музыка және өнер  мектептері, оқушылар үйлері, қосымша білім беру орталықтары, қала сыртындағы 50 жаңа сауықтыру лагерлерінің құрылысын жүргізу жоспарланған», - деді ведомство өкілі.