12.01.2023 _ 11:40

ІІМ: заңдастыру ережелері 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылады

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Бұл ретте ол шетелдік автомобильдерді нақты заңдастыру бір реттік акция екенін атап өтті.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелдік есепке алынған автомобильдерді сатып алғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасында уақтылы тіркеу туралы талаптарды сақтауы қажет (10 жұмыс күні ішінде).

«Заңдастырудан өтпеген немесе 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген және Қазақстан азаматтары жалпы тәртіппен тіркемеген автомобильдер ел аумағында заңсыз пайдалануда болып, барлық туындайтын құқықтық салдарлармен есептеледі», - деді Игорь Лепеха.