12.01.2023 _ 13:44

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады

Ертең, 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады, деп хабарлайды ҚР Президентінің Баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады фото Пресс-службы Президента РК

Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.