16.01.2023 _ 17:40

Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің Баспасөз қызметі.
фото Пресс-службы Президента РК

Мемлекет басшысы жеделхатта Непал Президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.