17.01.2023 _ 13:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды, деп хабарлайды ҚР Президентінің Баспасөз қызметі.
фото Пресс-службы Президента РК

Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.