17.01.2023 _ 16:23

ҚР ЭМ: Біріккен Араб Әмірліктерінде арасында ЖЭК жобасын іске асыру жөніндегі қағидаттар туралы келісімге қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі, Masdar (БАӘ) және KIDF арасында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ауқымды жобаны іске асыруға бағытталған қағидаттар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жасалған келісімге сәйкес тараптар жел электр станциясын салу жобасын бірлесіп әзірлейтін болады, оның бірінші кезеңі электр энергиясын жинақтау жүйесін ықтимал пайдалана отырып, 500 МВт көлемінде қуатты іске асыруға бағытталатын болады.

Объектінің орналасқан жері – Жамбыл және/немесе Түркістан облыстары. Құрылыстың басталуы 2025 жылға жоспарланған.