18.01.2023 _ 10:32

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға қатысты жиын өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша әкімшілік реформаны жүзеге асыру барысын қарады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
фото с сайта primeminister.kz

Ұлттық экономика министрлігі заң жобасы бойынша қазіргі жағдай туралы қысқаша баяндады. Заң жобасы аясында 159 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 конституциялық заңға, 13 кодекске және 143 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 568 өкілеттікті қайта бөлу қарастырылған.

Жиын барысында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға заң жобасын келісуді жеделдетуді тапсырды.