19.01.2023 _ 09:15

Универсиада-2023: Қазақстандық биатлоншылар бір алтын, бір қола алды

Отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында алтын жеңіп алды. Нәтиже көрсеткен уақыты- 27:51,5, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram-арнасы.
Универсиада-2023: Қазақстандық биатлоншылар бір алтын, бір қола алды

Екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі.

Нәтижесінде аталған жарыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль еншіледі.