20.01.2023 _ 08:39

Мемлекет басшысы журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды, Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-те жазды.
Мемлекет басшысы журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

«Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», - деп жазды Р.Желдібай.