20.01.2023 _ 10:00

Омбудсмен Артур Ластаев Қазақстандағы UNICEF-тің өкілімен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) өкілі Артур ван Дизенмен кездесті, деп хабарлайды Омбудсменнің сайты.

Ван Дизен мырза Омбудсменді UNICEF-тің Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғауға байланысты қызметі туралы хабардар етті және Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатының іске асырылуын көрсететін негізгі көрсеткіштердің жақсаруының тұрақты динамикасын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар БҰҰ Балалар қорының бағдарламасын талқылады, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ұлттық архитектураны нығайту жөніндегі бірлескен жобалық қызметтің басым бағыттарын белгіледі.

Соңында Омбудсмен Артур Ластаев баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды барынша қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы UNICEF офисімен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыратынын ескертті.