ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖАТАДЫ?
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер
ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР:
- автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
- криминалдық есепте болмауы керек;
- басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.
Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ:
- е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
- екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
- ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.
АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР:
- өтінім;
- өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
- көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
- Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
- Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
- Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.
Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.