24.01.2023 _ 17:04

Үкіметте халықаралық банктермен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
фото с сайта primeminister.kz

Отырысқа қатысушылар орта білім беруді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруды, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Риддер және Қонаев қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ күре жолдарды реконструкциялау, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі бірқатар жобаны жалғастыру мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр тиісті тапсырмалар берді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкінің өкілдері қатысты.