31.01.2023 _ 16:50

Президент ТРК-і фильмі кинофестиваль жеңімпазы атанды

ТРК режиссері Серік Ибраимнің деректі фильмі Бүкілресейлік «Белая птица» фестивалінің «Үздік балалар деректі фильмі» номинациясы бойынша үздік деп танылды.
Президент ТРК-і фильмі кинофестиваль жеңімпазы атанды

«Бақытты балалық» фильмі 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен өткен Балалар жылы аясында шығарылды. 

Фильм балалардың бос уақытын ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық және білім беру іс-шараларына, балалар үйірмелеріне қатысуы мәселелеріне арналған. Балалар өздерінің жетістіктері, әсерлері туралы әңгімелейді, сонымен қатар болашақ жоспарларымен бөліседі. 

Бүкілресейлік фестиваль Қазан қаласында 5 және 6 қаңтарда өтті. 300-ден астам қатысушы өз жұмыстарын ұсынса, олардың 54-і финалға шықты