01.02.2023 _ 14:40

Еңбекқорлық – қазақстандық ата-аналар балаларына сіңіретін басты құндылығы

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Жұлдыз Батталова мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазақстандық отбасылар-2022» Ұлттық баяндамасын дайындау қазақстандық отбасылардағы негізгі құндылықтарды қамтыды.
Иллюстративное фото с сайта freepik.com

«Рейтингте бірінші орында – еңбекқорлық, өзін-өзі құрметтеу, адалдық, үлкендерге және айналасындағыларға деген құрмет құндылықтары. Сондай-ақ біз отбасылық дәстүрлер туралы сұрадық. Респонденттердің көбі отбасында жиі аталып өтілетін отбасылық мерекелер, жақындарының туған күндерін тойлау деп жауап береді», – деді спикер.    


Сонымен қатар респонденттердің 90%-ы ата-әжелерді бала тәрбиесіне тартуға оң көзқарас танытты, бұл отбасының аға буын өкілдері балаларда құндылықтардың, дәстүрлердің, үлкендерге деген құрмет сезімінің қалыптасуына оң әсер ететінін көрсетеді.