03.02.2023 _ 09:00

Конституциялық Сот: ең көп өтініш Астана, Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан келіп түсті

Конституциялық бақылау органының алғашқы айдағы жұмысының қорытындысы бойынша қаңтар айында 800-ден астам өтініш тіркелді, деп хабарлайды ҚР КС баспасөз қызметі.
Конституциялық Сот: ең көп өтініш Астана, Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан келіп түсті

Конституциялық Соттың атына азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасуда.

Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданды (36%). Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14%-ды құрады.

Осы аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті.

Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.