10.02.2023 _ 15:30

Былтыр дәрі-дәрмектерді бір реттік әкелуге байланысты 400 аса рұқсат құжаты берілді

ҚР Денсаулық сақтау кодексінде тіркелмеген дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды ел аумағына әкелуге мүмкіндік беретін нормалар көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.

«2022 жылы құзырлы орган 762 дәрі-дәрмекті бір реттік әкелуге байланысты 403 рұқсат құжатын берді, олардың ішінде: шектеулі контингенттің денсаулық көрсеткіштері бойынша 427 дәрі-дәрмек (мысалы, Золгензма, Спинраза); сараптама жұмыстарын жүргізу үшін – 152, клиникалық зерттеулер жүргізу үшін – 64, гуманитарлық көмек үшін – 27, «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьютер сатып алу үшін 92 дәрі-дәрмек. Актемра және сирек кездесетін орфандық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар әкелінді», - деді Бүркітбаев.