10.02.2023 _ 15:20

2022 жылы нормативтік құжаттарға сәйкестендіру үшін дәрі-дәрмектерге берілген 34 тіркеу куәлігі уақытша тоқтатылды

Тіркелген дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды бақылау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізіледі. Бағалау нәтижесінде жыл сайын дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға 100 мыңға жуық сәйкестік сертификаты беріледі, сондай-ақ 2000-ға жуық теріс қорытынды шығарылды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев осындай мәліметтерді жария етті.
2022 жылы нормативтік құжаттарға сәйкестендіру үшін дәрі-дәрмектерге берілген 34 тіркеу куәлігі уақытша тоқтатылды

Бұдан басқа, дәріханаларда, қоймаларда және медициналық ұйымдарда тұрған дәрі-дәрмек пен мен медициналық бұйымдардың сапасын жақсарту мақсатында іріктелген тексерулер  жүргізіледі.


«Сондай-ақ тіркеуден кейінгі кезеңде сапа мен қауіпсіздікті бақылау дәрі-дәрмекті қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және алдын алуға  бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Фармакологиялық қадағалау шеңберінде дәрілік заттардың «пайда-тәуекел» арақатынасы бағаланады. Нәтижесінде 2022 жылы нормативтік құжаттарға сәйкестендіру үшін, дәрі-дәрмектерге берілген 34 тіркеу куәлігі уақытша тоқтатылды», - деді вице-министр.