11.02.2023 _ 14:37

Орталық сайлау комиссиясы 5 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарламалардың түскені туралы хабарлайды

Орталық сайлау комиссиясына 5 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті: 

1.«Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI); 

2.«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll); 

3.«AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll); 

4.«Еуразиялық интеграция институты» - «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

5.«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).