13.02.2023 _ 11:30

Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа балы 76 балды құрады

Қаңтар ҰБТ-сында тестілеуді 123 мыңға жуық адам тапсырды. Олардың ішінде жоғары оқу орындарына шартты негізде қабылданғандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық тест тапсырушылардың 77% қазақ тілінде, 23% орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Қаңтар тестілеуіне ерекше оқу қажеттіліктері бар 274 бала қатысты.
Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа балы 76 балды құрады

«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 83%-ын құрайды. ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Бес бала жоғары балл жинады», - деді спикер.


Тестіленушілердің таңдауына келсек, 19,2%-ы математика-физика комбинациясын, 18,6% - биология-химия, шығармашылық ҰБТ-ны 10,2%, жаңадан қосылған математика-информатика комбинациясын 10% тапсырған.