14.02.2023 _ 10:22

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.
фото Пресс-служба Президента РК

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарланып отыр.