14.02.2023 _ 14:30

2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткергендер әскери оқу орындарына емтихансыз түсе алады

Биылдан бастап ҚР ҚМ әскери оқу орындарына белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген азаматтар қабылдау емтиханынсыз оқуға түсе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов айтты.
2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткергендер әскери оқу орындарына емтихансыз түсе алады

«ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде бұрын жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Әскери бөлімдерде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайынғы жиынтықтың жалпы санынан түсу үшін барлығы 25% квота қарастырылған», - деді спикер.