14.02.2023 _ 14:40

Әскери колледждер – кәсіби сержанттарды дайындаудың негізгі орталығы

Қорғаныс министрлігінің қарамағында екі әскери колледж бар: Щучье қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы және Астана қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждер. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов колледждерге түсу шарттары туралы айтып берді.Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж – «Әскери қызметтегі кіші менеджмент» мамандығы: мотоатқыштар бөлімшелерін басқару, танк бөлімшелерін басқару, зымыран және артиллерия бөлімшелерін басқару біліктілігі бойынша жалпы орта білім базасында оқу мерзімі 1 жыл 10 ай, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші офицерлерді даярлайтын әскери оқу орны.
Әскери колледждер – кәсіби сержанттарды дайындаудың негізгі орталығы

«Әскери колледжге түсуге құқығы барлар: әскери қызмет өткермеген, қабылданған жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған азаматтар; әскери қызмет өткерген азаматтар және міндетті әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметкерлер қабылданған жылы 24 жасқа толғанға дейін; әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер 25 жасқа толғанға дейін  шарт жасайды», - деді Ж. Ахметов.

Азаматтарды әскери колледжге қабылдау 1-20 тамыз аралығында өтеді. 
Қабылдау комиссияларының шешімдері 21 тамыз сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет-ресурста орналастырылады. 
С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар», «Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету», «Әскери істегі кіші буын менеджменті» осы үш мамандық бойынша 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен негізгі орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.

«Колледж жеткіншектерді оқу орнының 9 сыныбын қабылдау жылы бітірген орта білім алып, негізгі орта білімді аяқтағаны туралы аттестат алған, жасы 15-тен кіші емес, бірақ 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды», - деді спикер.