14.02.2023 _ 15:00

Қорғаныс министрлігі: әскери жоғары оқу орындары түлектерінің 100%-ы дерлік жұмысқа орналасады

ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында әскери жоғары оқу орындарында оқудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Қорғаныс министрлігі: әскери жоғары оқу орындары түлектерінің 100%-ы дерлік жұмысқа орналасады

Оның айтуынша, ең алдымен, әскери оқу орындарында оқу тегін және барлық жабдықтармен қамтамасыз етіледі: азық-түлік, киім-кешек, ақша, демалыс уақытында жылына екі рет жол жүру, жеке гигиена құралдары беріледі. Сонымен қатар бұл – жоғары азаматтық және әскери білім алу мүмкіндігі. 

«Ең бастысы – оқуды аяқтағаннан кейін түлектердің жүз пайызы жұмысқа орналасады. Біз оларды жан-жаққа жібереміз және бастапқы офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруді жалғастыруға кепілдік беріледі», - деді спикер.  

  
Кейіннен офицер бола тұра, олардың әртүрлі бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігі бар.