15.02.2023 _ 11:40

Биыл халықаралық джаз фестивалін өткізу жоспарлануда

«2022 жылы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Қазақконцерттегі джаз кештері» жобасы қолға алынып, көрермендер тарапынан қызығушылық жоғары болып отыр. Осы себепті биыл жазда Халықаралық Джаз Фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің жетекшісі Мадияр Малдыбаев хабарлады.

Оның айтуынша, шараға шетелдік және отандық солистер, ансамбльдер, оркестрлер мен этно-джаз ұжымдары қатысады.


Сонымен қатар «Astana Musical» мемлекеттік мюзикл театры биыл Оңтүстік Корея, Қытай, Әзербайжан елдеріне гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. Аталған театр жыл басынан бері көптеген қойылымдарды көрермендер назарына ұсынды.