15.02.2023 _ 17:09

Президент Франциямен және Өзбекстанмен келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды

Президент Франциямен және Өзбекстанмен келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық  көмек  туралы  шартты  ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.