17.02.2023 _ 14:40

Биыл жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын бекіту жоспарлануда – ЦДИАӨМ

Үкімет технологиялық саясат кеңесінің алаңында 3 негізгі технологиялық бағытты анықтады: MedTech, AgriTech және GreenTech. Ол үшін тиісті IT-технологиялар қажет. Бұл ретте жасанды интеллект технологияларына ерекше мән беріледі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің IT-саланы дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ермановтың пікірінше, Қазақстан үшін осы салада өз әлеуетін іске асыру маңызды.

«Жақын арада осы бағытқа баса назар аудару жоспарлануда. Алғашқы қадамдардың бірі биыл Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын бекіту көзделген. 2029 жылға қарай IT-саланы дамыту тұжырымдамасы шеңберінде отандық IT-нарықты одан әрі қолдау және дамыту үшін алдымызда мынадай мақсаттар тұр: цифрлық технологиялардың ел экономикасының өсуіне қосатын үлесін 1%-ға жеткізуді қамтамасыз ету; IT-қызметтердегі жергілікті қамту үлесін 67,6%-дан 80%- ға дейін арттыру; IT өнімдер мен қызметтер экспортының жалпы көлемін 1,5 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту; ел экономикасы үшін 250 мың білікті IT-маман дайындау, "Tech Orda" бағдарламасы бойынша 45 мыңға жуық ваучер беру; өңірлерде 60 заманауи мектеп ашу», - деді Ерсұлтан Ержанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.