20.02.2023 _ 08:47

ҚР ЕХӘҚМ: жыл басынан бері қазақстандықтарға 274,1 млрд теңге сомасында зейнетақы төленді

2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы  – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 189,9 млрд теңге.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге.