20.02.2023 _ 14:20

«МИБ-ті цифрландыру» пилоттық жобасын 2023 жылдың І тоқсанында іске қосу жоспарлануда

Әділет министрлігі МИБ құру және оның қызметі, СОНДАЙ-ақ оны тіркеу шеңберінде электрондық дауыс беру бойынша пилоттық жобаға бастамашылық жасады. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, жоба тұрғындардың қолын жинауға және МИБ-ті тіркеуге қатысты барлық даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

«МИБ төрағасын тіркеу онлайн режимде жүргізіледі. Мобильді қосымша арқылы азаматтарға ыңғайлы болуына қарай биометрия немесе ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Біз ЭЦҚ тізімін тексереміз. Басқа азаматтар Сіздің үйіңізге дауыс бере алмайды. Біз осы ТК-да тұратын тұрғындарды база бойынша тексеретін боламыз», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.