20.02.2023 _ 14:40

Бекболат Молдабеков: Мемлекеттік қызметтер смартфондарда қолжетімді

Қазіргі уақытта 53 мемлекеттік қызметтің egovMobile мобильді қосымшасында 28 мемлекеттік қызмет, 13 сервис және 5 цифрлық құжат қолжетімді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков хабарлады.

«Мұнымен тоқтап қалмай, Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтерді мобильді қосымшаларға көшіру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр. Бүгінде бірқатар қызметтер банктердің мобильді қосымшаларында қол жетімді. Атап айтқанда, Halyk Homebank арқылы некені тіркеу; Bereke Bank «B-Business» мобильді қосымшасы арқылы ЖШС тіркеу; Kaspi kz және Halyk Homebank арқылы баланың туу туралы куәлігін алу; Halyk Homebank арқылы заңды тұлғалар және жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер алу және т.б. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - деді спикер.


Бүгінгі таңда egov.kz сайтында барлық қызметтер электрондық форматқа көшірілді.