20.02.2023 _ 14:50

Мемлекеттік қызметтер проактивті және композиттік форматта көрсетіледі

Қазіргі уақытта ата-анасының келісімі бойынша бала туылғаннан кейін бір тәулік өткен соң куәлік беруді көздейтін баланың тууын тіркеу; жылжымайтын мүлік иесінің мекенжайын автоматты түрде өзгерту қызметі проактивті форматта қолжетімді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтермен шарттар жасасу тәртібі оңтайландырылды, яғни тұрғын үй сатып алғаннан кейін жаңа жылжымайтын мүлік иесіне коммуналдық қызметтермен шарт жасасу ұсынысымен СМС келіп түседі. 

«Жылжымайтын мүлік иесінің деректерін автоматты түрде өзгерту және құрылтайшының немесе заңды тұлға басшысының деректерін аты-жөні өзгергеннен кейін өзгерту бойынша проактивті қызмет іске асырылуда. Ал құрылыс салушының сайты арқылы банктік кепіл шарттарын және жылжымайтын мүлікті сатып алуды тіркеу;  Отбасы банктің сайты арқылы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдау және тұрғын үйді жалға алу шартын жылжымайтын мүлік тіркелімі мемлекеттік деректер қорында электрондық тіркеу жобалары композиттік форматта ұсынылады», - деді спикер.