21.02.2023 _ 11:10

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

Қазақстанда балаларды ерте жастан дамытуға бағытталған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева хабарлады.

Оның айтуынша, модель әр баланың жеке ерекшеліктері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасуы қажет қасиеттерді анықтайды. 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі аясында ата-аналар қоғамын балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне тартуға көп көңіл бөлінеді. Оны іске асыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: нормативтік құжаттарды жетілдіру; педагогтерді даярлау сапасын, олардың біліктілігін арттыру; қолжетімді заттық-дамытушы орта құру, мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету. 2022 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін 9 нормативтік құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», - деді спикер.