21.02.2023 _ 11:50

Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің шаршауына жол бермеу үшін арнайы бағдарламалар әзірлейді

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.

«Педагогтердің шаршауына жол бермеу үшін арнайы бағдарламалар пысықталып жатыр. Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Үйлесімді даму институты Мектепке дейінгі ұйымдардың психологтарымен бірлесіп, мұғалімдердің тәрбиеленушілерге қатысты әдепсіз мінез-құлық танытуына жол бермеу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін бірқатар бағдарламалар әзірледі», - деді спикер.