Оның мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде 1,4 млн астам КВИ+ және 90 мыңнан астам КВИ- жағдайы тіркелді.
«Республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне 120-ға дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайы тіркелуде, науқастардың 99%-ы сауығып шықты. Қазақстанда соңғы 2 аптада алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,4 есе өсті, яғни 754-тен 1075 жағдайға дейін. КВИ бар пациенттерге стационарлық көмек көрсету үшін 2 056 төсек-орын ашылған, оның ішінде инфекциялық төсек-орын – 1 747, қамтылғаны – 104 (6%), бос тұрғаны – 1 643 (94%); реанимациялық төсек-орын – 309, қамтылғаны – 8 (3%), бос тұрғаны – 301 (97%). Штаммдарды сәйкестендіру нәтижесі республикада Омикрон нұсқасының айналымда жүргенін көрсетті», - деді спикер.