22.02.2023 _ 11:50

Еліміздің 6 өңірінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев шалғай ауылды елді мекендерге де назар аударылатынын атап өтті. Бұл үшін 6 өңірде мобильді жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Маңғыстау облыстары.

«Арнайы жабдықталған жылжымалы оқу орталықтары қысқа мерзімді курстарға қолетімділікті қамтамасыз етіп, практикадан өту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар барлық өңірлерде мобильді жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстары ұйымдастырылады. Биыл 2,9 мың шығу жоспарланған. Мобильді жұмыспен қамту орталықтарын ұйымдастырудың мақсаты халықты жұмыспен қамту шаралары туралы хабардар ету және одан әрі жұмысқа орналастыру», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.