23.02.2023 _ 11:30

Қазақстандық дәрігерлер Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен 200-ден астам тұрғынына көмек көрсетті

Жоғары білікті және дағдылары бар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Түркия Республикасында жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге тәулік бойы білікті медициналық және психологиялық көмек көрсетті. ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев олардың Түркияда іздестіру-құтқару операциясы кезінде атқарған жұмысы жайлы айтып берді.

«Жұмыс кезеңінде барлығы 200-ден астам жергілікті тұрғындар мен құтқарушыларға, оның ішінде 30-ға жуық балаға медициналық көмек көрсетілді», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте. 


Түркияда жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою бойынша жұмыс істеген 10 дәрігердің үшеуі – әйел.