23.02.2023 _ 11:40

ТЖМ кинологиялық топтар Түркияда үйінділер астында қалған адамдарды іздеу кезінде жоғары біліктілігін растады

Түркиядағы табиғи апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушыларымен және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерімен бірге кинологиялық топтар да қатысты. ТЖМ өкілдері ОКҚ алаңында іздеу-құтқару жұмыстарының қорытындыларына арналған брифинг барысында олардың жұмысы туралы айтып берді. Мирта атты неміс овчаркасы кинолог-нұсқаушымен бірге ОКҚ алаңына келді.

Мирта Түркияда үйінділер астында қалған 3 адамды тапты.

Сондай-ақ бельгиялық малинуа овчаркалары Джейкоб, Лига М Сириус және Аксель, лабрадор Чарли Кинг, Гринпис есімді бордер колли, кинолог-нұсқаушылармен және құтқарушылар отрядтарымен бірге бірнеше күн бойы қираған нысандарда жұмыс істеп, әр адамның өмірі үшін күресті.

ТЖМ өкілдері қазақстандық кинологиялық топтар іздестіру-құтқару жұмыстарында жақсы нәтижелер көрсетіп, үйінділер астында қалған адамдарды іздеу кезінде өздерінің жоғары біліктілігін растағанын айтты.