23.02.2023 _ 14:20

«Сақтандыру шарттарындағы төлем мерзімдерінің анық болмауы» – сақтандыру шарттарынан қандай жағдайлар алынып тасталуы тиіс

Мінез-құлықты қадағалау – бұл ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеуші құралдарының бірі. Оның мақсаты – сақтандыру ұйымдарының шағымдар мен өтініштерге әкеп соғатын жұмысындағы кемшіліктерді жүйелі түрде жою. Агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында сақтандыру шарттарының талаптары қалай тексерілетіні туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Шарттар сақтанушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлем жасауға мүмкіндік бермейтін, сондай-ақ сақтандыру төлемі бойынша жаңылыстыратын шарттардың болуы тұрғысынан тексеріледі.  

 
«Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін талдау осы жерде мынадай кейстер жиі кездесетінін көрсетті: сақтандыру шарттарындағы төлем мерзімінің анық болмауы; төлемдерді жүзеге асыруға арналған құжаттардың ашық тізбесі; орын алмауы мүмкін сақтандыру жағдайлары; сот арқылы сақтандыру жағдайының болғанын ұдайы дәлелдеу. Шарттардың барлық осы талаптарын сақтандыру ұйымдары нарықта ұсынылатын сақтандыру өнімдерінен алып тастауы немесе қайта қарауы тиіс», – деді спикер.