24.02.2023 _ 08:53

ҚР ЕХӘҚМ: 2023 жылғы 1 ақпанда 350 мыңнан астам адам АӘК алды

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Биыл 1 ақпандағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, 106,4 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығы, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.