24.02.2023 _ 14:29

Биатлоннан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 20 спортшы Қазақстанның намысын қорғайды

Чемпионат Щучинск қаласында өтеді. ҚР биатлонистер одағының президенті Ермек Қизатовтың оны таңдаудың себептерін атап өтті. Бұл – климаттық жағдайлар, курорттық аймақ, қажетті инфрақұрылымның толықтай дайын болуы. Спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте дүбірлі доданың Қазақстан үшін маңызды екендігін айтты.

«Қазақстандық биатлон үшін бұл әлемдік тәжірибе жинақтап, өзін осындай деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыра алатындығын көрсету мүмкіндігі», – деді Е. Қизатов.

Сондай-ақ ол 2018 жылы ашылған қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының стадионы Халықаралық биатлон федерациясында сертификаттаудан өтіп, халықаралық жарыстарды өткізу үшін жоғары санаттағы лицензия алғанын атап өтті.

Чемпионат трансляциясы көрсетіледі.