Өтінімдер nauryz-awards.kz сайтында қабылданады.
Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар-2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады.
Конкурстық өтінімдерді республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және сериалдарды өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары бере алады.
Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:
1. Үздік тарихи сериал
2. Үздік драмалық сериал
3. Үздік комедиялық сериал
4. Үздік веб-сериал
5. Үздік актер
6. Үздік актриса
7. Екінші пландағы үздік актер
8. Екінші пландағы үздік актриса
9. Үздік режиссер
10. Үздік сценарист
11. Үздік қоюшы-оператор
12. Үздік монтаж
13. Үздік саундтрек
Бәйгенің негізгі мақсаты – сериалдық контентті дамытуды қолдау, отандық және халықаралық онлайн платформаларда қазақстандық телехикаяларды көрермен арасында танымал ету.
Жеңімпаз есімдер наурыз айында белгілі болып, оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.