27.02.2023 _ 15:07

Заңнамада қауіпті өндірістік объектілердің иелерін техникалық құрылғыларды уақытылы жаңартуға міндеттейтін нормалар көзделген

Осы мақсатта ҚР ТЖМ қадағалаудағы кәсіпорындармен бірлесіп жыл сайын Қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспары жасайды. Ведомствоның Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажановтың айтуынша, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын орындау 2021 жылғы қазанда бекітілген қауіпті өндірістік объектілердегі авариялылықты азайту жөніндегі Жол картасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шара болып табылады.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада қауіпті өндірістік объектілердің иелерін нормативтік қызмет мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуға міндеттейтін нормалар көзделген. Өткен жылы қауіпті өндірістік объектілердің иелерімен 2,5 мың бірлік технологиялық жабдық ауыстырылды», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Н. Мақажановтың айтуынша, заңнаманы жетілдіру аясында өткен жылы «таза парақтан» реттеуді енгізу барысында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін бағалау тұрғысынан 55 реттеушілік актіні талдап, қарады.

Жүргізілген жұмыс барысында өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 27 268 талабы белгіленді, оның ішінде 31 реттеушілік актідегі 2 172 талап базалық шарттарға сәйкес келмеді.

«Өткен жылдың соңына дейін 28 реттеушілік актісі заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта 2 реттеушілік акт белгіленген тәртіппен өзектендіру рәсімінен өтеді және 1 акті бойынша «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгеннен кейін іске асыру мүмкін болады», – деді спикер.