28.02.2023 _ 09:01

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қайтадан білікті зооинженерлерді дайындай бастайды

ЖОО-да «Технология және биоресурстар» факультетінің атауын «Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы», ал «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының атауын «Зооинженерия»  кафедрасына өзгерту, сол арқылы осы бағыт бойынша мамандарды даярлауды күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Факультет түлектері ауыл шаруашылығы жануарларының генетикасы мен селекциясымен, зоотехникалық және асыл тұқымды есепке алумен айналыса алады. Сондай-ақ олардың құзыретіне мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру және бақылау кіреді, бұл саладағы материалдық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. 

Жақын арада кадрларды, оның ішінде зооинженерлерді нысаналы даярлау саласында ҚазҰАЗУ-да жетекші шетелдік профессорлардың қатысуымен оқу бағдарламаларын жаңғырту, сондай-ақ студенттерді практикалық оқытуды күшейту жоспарланып отыр.