01.03.2023 _ 09:30

ТЖМ халыққа қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын үйрету бойынша кешенді жұмыс жүргізеді

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы жағдайында ерте ескерту кезеңінде де, жедел ден қою кезінде де ақпараттық технологияларды қолдану аса өзекті. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Азаматтық қорғаныс айлығы аясында азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігіне кепіл болатын қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын үйренуге шақырды.

«ТЖМ ақпараттық технологияларын қолданумен қатар халыққа және басқару органдарының мамандарына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бойынша дәстүрлі форматта кешенді жұмыс жүргізеді. Мамандандырылған сыныптарда теориялық негіздерді зерделеу жүргізілсе, іс-жүзіндегі дағдылар тақырыбы мен ауқымы бойынша әртүрлі машықтанулар мен оқу-жаттығулар  барысында пысықталады. 2022 жылы елімізде әртүрлі санаттағы 14 мыңнан астам тыңдаушы оқытылды және 83 мыңнан артық оқу-жаттығу өткізілді, 4 млн астам көрнекі оқу материалы шығарылды, 3 мыңға жуық бейнеролик әзірленді, қауіпсіздік тақырыбына 2 мыңнан астам билборд жасалды, олар  ресми сайттарда және әлеуметтік желілерде орналастырылған. Сондай-ақ 22 мыңнан астам білім беру ұйымдарында 1,6 млн оқушыны қамти отырып, 9 мыңға жуық интерактивті сабақ өткізілді. 2022 жылы апаттық жағдайлар тақырыбына 16 мыңға жуық жаттығу, сейсмикалық қауіпті аумақтарда 27 мыңнан астам жаттығу өткізілді», – деді Б. Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.


Оның айтуынша, өңірлерде азаматтық қорғаныстың құрал-жабдықтары мен мүлкінің көрмесі ұйымдастырылуда.