01.03.2023 _ 11:20

Франкофония мәдени әралуандылықты қолдайды – Швейцарияның Қазақстандағы елшісі «Франкофония көктемі-2023» туралы

Биыл мәдени іс-шаралар маусымы «Франкофония көктемі» Қазақстанда 13-ші рет ұйымдастырылады. Оған қатысатын елдердің елшілері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында фестивальді өткізудің маңыздылығы туралы айтты.
Франкофония мәдени әралуандылықты қолдайды – Швейцарияның Қазақстандағы елшісі «Франкофония көктемі-2023» туралы

«Француз тілін ілгерілету – бұл басқа тілдерді ысырып қою емес, керісінше, әлемнің көпмәдениетті болуына деген ұмтылыс, онда әр тілдің өз орны болады және әр адам демократия мен адам құқықтары құндылықтарын ілгерілету үшін өз пікірін айта алады», – дейді Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анри Вантигем.


Канаданың Қазақстандағы елшісі Алан Хэмсонның пікірінше, француз тілін меңгеру білім алуға зор мүмкіндіктер ашады. 


«Жас қазақстандық азаматтардың француз тіліне, франкофония елдерінің мәдениеттеріне қызығушылық танытатынын атап өткім келеді. Бұл Канадада да оқуға мүмкіндік береді», – деді канадалық дипломат.


«Франкофония мәдени әралуандылықты, тілдік плюрализмді, пікір мен наным алуандылығын қолдайды», – деді Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Дэвид Грихтинг.