01.03.2023 _ 11:40

«Франкофония көктемі-2023» фестивалінің барлық іс-шаралары тегін өтеді

Кезекті маусым аясында франкофон кино апталығы, франкофон ән байқауы, шеберлік сыныптары және өзекті мәселелерді талқылау өтеді, Алматы қаласында шығармашылық резиденция ашылады. Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Каннес Орталық коммуникациялар қызметі алаңында барлық іс-шаралардың тегін болатынын атап өтті.

«Бағдарламамен толығырақ ұйымдастырушы елшіліктер мен француз мәдени орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан танысуға болады», – деді спикер.


Ұйымдастырушылар қатарында Армения, Бельгия, Мысыр, Канада, Румыния, Франция, Швейцария елшіліктері бар.