02.03.2023 _ 11:49

ІІМ: балалар - жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі

Жыл басынан бері ЖКО салдарынан 25 бала көз жұмды, 350-ден астамы түрлі дене жарақатын алды. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте осындай көрсеткіштерді жария етті.
ІІМ: балалар - жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі

Оның айтуынша, балалар - жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі.

«Әдетте, балалар ауыр жарақат алады, соның ішінде өмірмен үйлеспейтіндері де болады. Көбінесе жол жүрісі қағидаларын білмеу немесе оларды елемеу салдарынан балалар жол-көлік оқиғасына кінәлі болады. Олар жол бөлігінде ойнау, белгіленбеген жерлерде көшеден өту, көлік құралдарына дұрыс отырмау және олардан түсу және т. б. Жағдайларда зардап шегеді», - деді Боранова.